Өмір қауіпсіздігі




Тақырыбы: «Өмір қауыпсіздігі»
Мақсаты: балаларға су, өрт, электр тогы жайлы түсіндіру. Олардың адамға болған қауіпсіздігі жайлы айту білгендерін сурау.
Бағдаршам белгілерімен жолда жүру ережелерін түсіндіру, есте сақтауға үйрету. Жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту. Сураққа толық жауап беруге дағдыландыру. Бааланы әдептілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту. Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Баланы әдептілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: макеттер, плакат, доп, машина, самокат, слайд.
Тәрбиеші: балалар өмір қауіпсіздігі қалай түсінеміз?
Бала өрт, ток, су, жол.
Тәрбиеші: балалар бұның бәрі қауыпті, егерд дұрыс тәртіп сақтамасақ!
Тәрбиеші жеке жеке түсіндіреді.
Экранға назарын аудару «Слайд»
Балалар осы қауыпсіздік туралы қандай тақпақ білесіздер.
1 Бала Қауыпсіздік деп ойлама, отпен оқыс ойнама.
Сумен ойнама, батарсың, отпен ойнама, жанарсың.
Сіріңкемен ойнаса, қай бала опынар.
От жағуын қоймаса, жалын шарпын от шығар.
Сіріңке – балалар ойыншығы емес.
Отқа ешқашан да газ баллондарын целофан қалталарын және резенке тастаушы болма!
Қауіпті жағдайда өрт сөндірушілерді шақыр, телефон номері – 101.
Сіріңкемен, тарсылдақтармен және шыны сынықтарымен ойнама!
Егер сен алау жаққың келсе үлкен кісілерден көмек сұра.
Егер от қаулап кетсе, оны құйып сөндір.
Тәрбиеші: ал суды өнімдеу керек, дереу кранды жабу керек, су туралы не айтамыз.
Білгін – бұны балалар
Сусыз – құрғақ далалар
Сусыз – қараң қалалар
Ескертемін бар ұлға
Ескертемін бар қызға
Суды босқа ағыз ба!
Тәрбиеші: енді ата-ана қасымызда жоқ кезде, далада, лифтте өзімізді қалай ұстаймыз, не істейміз?
Егер ата-аналарың аз ғана уақытқа бір жаққа кетіп, сен үйде жалғыз қалсаң, бөтен адамға есік ашуға болмайды.
Сақтықта қорлық жоқ.
Қақты біреу есікті,
Сақтығын – ай, несіптің
Қорықпады саспады
Шыны көзден қарады.
Көріп бөтен адамды,
Ол есікті ашпады.
Баспалдақта алысып жұлысу және оның қанатымен сырғанау,
Әдептілік емес әрі аса қауіпті.
Баспалдақта далақтап
Ұшып – қонған Қалтақбай
Сырғанап кеп қанаттан
Ұшып түсті қалпақтай.
Кейбір ұлдар мен қыздар лифтіні ойын орыны деп сынайды
Білген бала лифтіге
Бөтен жанмен кірмейді
Түкірмейді лифтіге,
Ластап оны жүрмейді.
Тәрбиеші: мына жұмбақтың шешуін табамыз
Оңға бұрады солғада бурады, тәртіп сақтап әрқашан жлды нұсқап тұрады. Бағдаршам.
Қонаққа Бағдаршам келеді.
Бағдаршам саған тақпақтар айтамыз.
Қызыл көзім жанғанда, жүрмейсіңдер ешқайда,
Сары көзім жанғанда, қарап қалма аспанға
Жасыл көзім жанғанда, өте бер сен жасқанба.
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам
Қиылыста қарсы алады бағдаршам
Менікіндей екеу емес, үш көзді
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Қалада көлік көп
Қалада апат көп
Сақтайын апаттан
Тек қана бағдаршам
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді
Адамда көлікте
Сол шаммен жүреді.
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз
Қызыл жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
Тәрбиеші: өте жақсы енді таяқшалардан. Бағдаршам құрастырайық...
Қорытынды:
Сұрақ – жауап
1 Көліктер жүретін жерде ойнауға болады ма?
2 Көліктің артында жармасып ойнауға болады ма?
3 Көшеде кез келген жерде ойнаймыз ба?
4 Қай жолмен жүреміз?
5 Бағдаршамның қай көзі жанғанда өту керек?
6 Өрт сөндіруші пожарный нөмері қандай?